Оқушы сарайда асылып қалған күйінде табылған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оралда оқушы асылған күйде табылған. Қайғылы оқиға 8 сәуірде болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаменті оқушының денесі үйдің ауласындағы құрылыстан табылғанын хабарлады.
Ал жасөспірімнің әкесі ұлы 9-сыныпта оқығанын айтты.
Қайғылы оқиға болған күні әкесі ұлын жұмысқа кетіп бара жатқанда ұйықтап жатқанын көрген. Қайтып келгенде аулада жедел жәрдем, полиция қызметкерлері болыпты.
Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Қаз
Рус






