Жайық өзенінде су деңгейі 8 метрге жетті

1 602

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: БҚО ТЖДЖайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.


Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті.


Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде.


Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800).


Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.