Дәрігерді өлтірген күдікті ұсталды

1 597

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: kursiv.mediaАқтөбе қаласында ер адам таныс әйелін өлтірді. Күдікті полицияға қарсылық көрсетіп, жаралап, көлікпен қашып кеткен жерінен ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Kazinform.kz сайтының мәліметінше, оқиға түнде болды. Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылды.


«Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел – дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.


 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.