Елімізде жастарға 5 миллион теңгеге дейін беріледі

1 587

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: matritca.kzЕлімізде 1 мамырдан бастап жас кәсіпкерлерге арналған жобаға өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жоба жетекшісі Рауан Тұрлығазының айтуынша, кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бағын сынай алады.


"Бұл жоба көп жастарға үлкен мүмкіндік. Биыл екінші жыл қатарынан жас кәсіпкерлерді қолдауға ниет еттік. Бес бағыт бойынша үміткерлерге басымдық беріледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өндіріс, қазақ тілін дамыту жобалары, мобильді қосымшалар мен ұлттық өнер бойынша кәсібін домалатып жүргендерде артықшылық болады",- деді Р.Тұрлығазы.


Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында жобаның сайтында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.