Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
1 730
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
15 мамыр күні теледидар мен радио жұмыс істемейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейміз», - делінген хаарламада.
Қаз
Рус






