Қызылордада полицейлер тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

1 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР ІІМҚызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, сондай-ақ Қармақшы АПБ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару анықталды. Кинология қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің көмегімен полиция қызметкерлері Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат тапты. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.