Ер адам әйелді ұрып, тепкінің астына алып, баспалдақтан құлатып жіберген

1 601

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАлматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифтісінің жанында ер адамның әйелді аямай сабағаны қауіпсіздік камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бейнежазбаны «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі телеграм арнасына жүктеді.


Видеодан көрінгендей, ер кісі әйелді ұрып, баспалдақтан төмен қарай теуіп құлатып жібереді. Артынан өзі асықпай лифтіге кіреді. Ал оның бәрін лифтінің жанында тұрған екі жігіт көріп тұрады. Олардың бірі басбұзарды тоқтатуға тырысқан әрекет жасап көрсе, екіншісі таяқ жеп жатқан әйелге міз бақпай қарап тұрған.


Дина Таңсәрінің жазуынша, бейнежазбадағы әйел соққыға алып жатқан ер адамнан ажырасып кеткен, бірақ бұрынғы күйеуі оның ізіне түсіп, ұрып жүр.


«Видеода екеуі де ер кісіні тоқтатуға тырыспайды. Аяқ-қолдарын кісендеп қойғандай қарап тұр. Бірі тіпті білегін айқастырып алған. Олар қорыққаннан араласпай тұр деп айтушы болмаңыз. Жоқ, олар қорқып тұрған жоқ. Олар мұндай зорлықты үнемі көрген, олардың еті үйреніп кеткен. Есі дұрыс адам мұндайды көргенде есінен тана жаздайды. Бірақ бізде емес. Ол әйелді картоп салған қап сияқты ұрғылады. Содан кейін түк болмағандай бәрі лифтке кіріп кетті. Ал әйелдің жай-күйі не болды? Тірі ме? Көмек керек шығар, бірақ оған ешкімнің оған басы ауырмайды»,- деп жазды белсенді.


Дина Таңсәрі Алматы полициясынан болған оқиғаға шара қолдануды талап етті.

 

: 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.