Әкім сыйлаған ішімдікке тойып алған ер адам үйін де, әйелін де өртеп жіберген

1 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ShutterstockПавлодарда әкім сыйлаған ішімдікке тойып алған ер адам үйін де, әйелін де өртеп жіберген, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Павлодар ауданының Григорьевка ауылдық окргінде болған.


«Павлодар ауданына қарасты ауылдық округтің бірінде әкім Жеңіс күнінде ішіне азық-түлік және 0,5 көлеміндегі арақ салынған себетті жергілікті тұрғынға сыйлаған. Азамат – Ауған соғысының ардагері. Ол әлгі араққа мас болып, байқамай үйін өртеп алған. Тап сол уақытта әйелі үйде болған. Әйел адам тілсіз жаудың салдарынан қаза тапты», -деп мәлімдеді аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков.


Прокурорлар округ әкімінің мұндай оспадар қылығы моральдік нормаларға қайшы келетінін жеткізді. Аудан прокуратурасының актісі бойынша ауылдық округ әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.