4 жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

1 550

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:elements.envato.comПетропавлда төрт жастағы бала бес қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" aқпарат агенттігі.


Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел нөміріне Ибраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті.


Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.


Тексеру жүргізіліп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.