Қызылордалық тұрғын көлік ішінде есірткі қолданбақшы болған

1 610

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ТО ПДОблыстық Жедел басқару орталығының инспекторлары тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы өңірге бақылау жүргізіп, қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс жасап келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәселен тәртіп сақшылары Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінен заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Яғни полиция камера арқылы түнгі уақытта көлік ішіндегі ер адам, темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқандығын байқап қалады.


Осы бойынша әрі қарай бақылауды күшейтіп, көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер, жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады.


Қызылордалық ер адамға қатысты "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.