7 жастағы баланың үстіне ескерткіш құлап, көз жұмды
1 596
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция басқармасы өкілдері мән-жайды айтты. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында болды.
"2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттары салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды", - деді құқық қорғау органдары.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Читайте также

Арыста жарылыс болды
1 574
Қаз
Рус





