"Жауынгер,журналист және өз заманының жылнамашысы" тақырыбында ғылыми конференция өтті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, ақын, «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерінің және «Ерлігі үшін» медалінің иегері, Әлеуметтік қамсыздандыру ісінің үздігі Бәкір Өтеповтің 100 жылдығына орай өткізілген ғылыми конференцияға қатысты. «Жауынгер, журналист және өз заманының жылнамашысы» тақырыбындағы конференцияны аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы жүргізіп отырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Танымдық іс-шарада аудан басшысы көрнекті қоғам қайраткерінің өмір жолы мен қызметіне тоқталды.
Ғылыми конференцияда жауынгер журналисттің отты жылдардағы ерлігі, өңір дамуына қосқан қызметі, отбасындағы өнегесі дәріптелді. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек, «Әлімсақ» журналының және «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы, журналист, әдебиетші ғалым Нұрлан Нұрмаханов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ-нің аудандық филиал төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов майдангердің өнегелі өмір жолынан құнды ақпараттар берді. Танымдық іс-шара қорытындысында ұрпағы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Әмірхан Бәкірұлы сөз сөйлеп, ғылыми конференцияны ұйымдастыруға атсалысқандарға шынайы ризашылығын жеткізді.
Қаз
Рус






