Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады

1 555

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрБүгін Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жәбірленуші Бекқайыров Қайрат Нұртасты кешіргенін, оған ешқандай шағымы жоқ екенін растады, дегенмен, оның айтуынша, әртіс жұдырығын бірінші ала жүгірген. 


Кейін сотталушыға соңғы сөз берілді, Қайрат Нұртас кінәсін мойындады, бірақ концерттер мен тойлардың көптігінен, қамауға алынбауын сұрады.


"Мен кінәмді мойындаймын, бірақ жазаны айыппұл түрінде шығарсаңыздар, өйткені алда жоспарланған концерттерім мен тойларым көп. Төлеуге дайынмын", – деді әнші. 


Қайрат Нұртастың қорғаушысы жәбірленушінің шағымы жоқтығын ескере отырып, жазаны 173-баб бойынша қысқартуды сұрады. Ал прокурор жаза ретінде әртісті Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алуды жөн көрді.


Сот төрағасы шешім шығару үшін арнайы бөлмеге кетті. Соттың қаулысы сағат 14:30-жа жарияланады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.