Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2 мыңнан астам тұрғын жазаланды

1 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Pixabay.comҚызылорда қаласында қоғамдық орындарды ластаған 2,2 мың азамат анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Жұмыс барысында жедел басқару орталығының бейнекамералары да қолданылды. Нәтижесінде жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапқа тартты. 


"Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.


Тәртіп сақшылары жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұлға әкеп соғатынын еске салды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.