Қызылордада 4-сынып оқушысы бассейнге құлап кеткен сәбиді құтқарды

1 534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынанҚызылорда қаласында бассейнге құлап кеткен екі жастағы інісін құтқарып қалған 4-сынып оқушысы Айсұлтан Хұсайынға облыстық төтенше жағдайлар департаменті алғыс білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айсұлтанның отбасы ағайындардың қатысуымен саяжайда ас береді. Сол жерде ересектерге арналған суға түсетін орында 2 жастағы Хантөре байқаусызда суға түсіп кетеді.


Оқиғаның барысы жөнінде Айсұлтанның атасы Хұсайын Қоразбаев баяндап берді. 


«Ата-анасының бақылап отырғанына қарамастан 2 жастағы Хантөре абайсызда ересектерге арналған хауызға құлап кетті. Ол су түбіне кете бастаған кезде сол жерде тұрған 1-сынып оқушысы Жансұлтан айқайлап, үлкендерді көмекке шақырады. Сол сәтте Айсұлтан дереу суға секіріп, Хантөрені құтқарып қалды. Балаларға арналған үрлемелі баллонға салып жағаға алып шығып, сол жерге келген ата-анасының қолына табыстады. Уақтылы, дәл, сапалы көрсетілген көмектің арқасында кішкентай Хантөреге медициналық көмектің қажеті болмады», - дейді Х. Қоразбаев.


Айсұлтан – тоғыз жаста, егіздің сыңары, Ерсұлтан есімді бауыры бар. Олар – облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 4-сыныбында оқиды. Екеуі де оқу озаты. Сабақтан тыс уақытта «Евразия» спорт кешенінің жүзу секциясына, шахмат клубына барады. 


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Айсұлтанның ерлігін жоғары бағалап, оған алғыс білдірді. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.