Мектеп директоры айыппұлдарын мұғалімдерге төлетіп жүрген

1 698

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

NoneМаңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан ақша жинап жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мұнайлы ауданының прокуратурасы "№3 арнайы мектеп" КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.


Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын "Kaspi bank" және "Halyk bank" мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.


Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.


Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.


Арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.