Масаң күйде көлік жүргізген бас имам 15 тәулікке қамалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен жанында масаң күйде көлігін айдап бара жатқанда ұсталған.
Оқиға 23 шілдеде болған. Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесі "Регион 03" клубтың қасында Toyota Highlander автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін көрсеткен. Бірақ сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Тәжімбет сыра іштім деп жауап берген.
Қаз
Рус






