Балалар бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңгеден астам ақша жымқырылған

1 570

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Владимир ТретьяковҚарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.


Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.


Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа  алу" шарасын қолданды.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.


ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.