Шиеліде аудан әкімінің сайлауы өткізіледі

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шиелі ауданы15 қыркүйекте Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өткізіледі. Сайлау науқаны аудан әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ұйымдастырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудан бойынша барлығы 50 716 сайлаушы тіркелген. Ауданда 40 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 272 учаскелік комиссия мүшесі қызмет атқарады.


ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес аудан әкімінің сайлауын өткізудің Күнтізбелік жоспары бекітілген.


Аудан әкіміне үмітті азаматтар ұсыным құжаттарын 21 тамыз сағат 18.00-ге дейін аудандық сайлау комисиясына өткізуі керек. Ал, кандидаттарды тіркеудің соңғы күні 23 тамыз күні сағат 18.00-де аяқталады.


Кандидаттар үшін үгіт кезеңі 23 тамыз сағат 18.01-ден 14 қыркүйек күні сағат 00.00-де аяқталады.


14 қыркүйек – тыныштық күні, 15 қыркүйек – дауыс беру күні болып бекітілген.


Кандидаттар саяси партия және өзін-өзі ұсыну жолымен үміткер бола алады.


Айта кетейік, Қызылорда өңірінде кент және ауылдық округ әкімдерінің де сайлауы қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 2 кент және 15 ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізілді. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.