Онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция пайда болды

1 549

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

gov.kzЕpetition.kz сайтында "Хақ-Назар" қоғамдық қорының онлайн несиеге тыйым салу жөніндегі петициясы жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Петиция авторларының айтуынша, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың бұл түріне дайын емес.


“Онлайн несиелерді қолжетімді ету халықтың осал топтары арасында қарыздық жүктеменің артуына және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен түсініксіз шарттар адамдарды қарызға батырады. Одан бөдек алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қылмыстардың көбеюіне әсер етті”, – делінген үндеуде.


Сондай-ақ олар әскери қызмет жағдайында онлайн несиелер мәжбүрлеу және қаржылық зорлық-зомбылық құралына айналғанын атап өтті.


Авторлар онлайн несие беруге тыйым салуды ғана емес, сонымен қатар шағын несие беру саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтуді талап етеді. Петицияға әлі ешкім қол қойған жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.