Украина Ресейдің бір облысына басып кірді: Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

1 625

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметіҚазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина Қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына басып кіруіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ Жарғысының сақталуы маңызды екенін әрдайым атап өтеді.


«Шынымен де, қазір бүкіл әлем РФ Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отыр. Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты айқын белгіленген БҰҰ Жарғысын барлық ел сақтауы қажеттігін әрдайым айрықша баса айтады. Біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен қолдану арқылы мемлекеттер арасындағы барлық қақтығыстың тек қана бейбіт жолмен шешілгенін құптаймыз», - деп мәлімдеді ол.


Смадияров Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың шешімнің конструктивті жолдарын іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдайтынын айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.