Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгінде жұқпалы аурулар бойынша аймақтағы ахуал тұрақты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері тұрғындар арасында аса қауіпті оба, тырысқақ, сібір жарасы, іш сүзегі секілді бірқатар аурулар тіркелмеген. Ал, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24 нозологиясы бойынша жұқпалы аурулардың аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы орын алған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова мен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова эпидемиологиялық ахуалдың алдын алу шаралары туралы айтты.
Жыл басынан бері аймақта бруцеллез ауруының 11 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге төмендегенін көрсетіп отыр. Ал, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша өткен жылдың 6 айында 6 жағдай тіркелсе, биыл 4 жағдай есепке алынды. Облыс тұрғындары арасында қоғамдық тамақтану орындарымен байланысты жаппай топтасқан тамақтан улану жағдайлары тіркелмеген.
Қаз
Рус






