Теміржол саябағын аймақ басшысы екі күн ішінде кемшілікті қалпына келтіруді тапсырды

1 333

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Облыс әкімдігіБүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы «Теміржол саябағына» барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазіргі уақытта саябақтың тазалығы, тұрғындарға жайлылығы сын көтермейді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары оның үнемі жабық тұратынына, тазалығына қатысты сыни пікірлер жариялаған еді.


Аймақ басшысы қала әкімі Нұржан Ахатовқа екі күн ішінде барлық кемшілікті қалпына келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еске салайық, «Теміржол саябағы» «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қайта жаңғыртылған болатын. Мұнда қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары, субұрқақ салынған.


2019 жылы саябақтың ашылу салтанатында сөз алған Асқарбек Темірбекұлы жаңарған саябақтың заманауи кескініне ерекше тоқталып, ескінің естеліктерін көненің көзіндей сақтап, бүгінгі күнге маңызын жоғалтпай жеткізген құрылысшыларға алғыс білдірді. Сонымен бірге саябақ ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етіп, келушілерге қолайлы демалыс ортасына айналарына сенім білдіретіндігін жеткізді.

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның аумағын абаттандыру қалада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі. Қазір онда 9 мың шаршы метр жерге кеспе тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезекте орындықтар мен түнгі жарық шамдар орнатылмақ. Аталған аумақты жаңғыртуға 65 адам жұмысқа тартылып, құрылыс жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарлануда.

Қайта жаңғыртылған паркте қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары мен субұрқақ салынған.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.