Бала сатпақ болғандар ұсталды

1 150

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:halyq-uni.kzАлматы облысының полицейлері бала саудасымен айналысты деген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарды саудалады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

"25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған балаларды заңды түрде асырап алу түріндегі заңсыз әрекеттермен айналысады делінген қылмыстық топ жұмыс істейтіні туралы жедел ақпарат келіп түсті. 28 тамызда облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдіктіні анықтады", - деді Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полиция қызметкерлер кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.