Мектеп бухгалтері 23 млн теңге жымқырған

1 363

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: azh.kzАлматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы гимназиялардың бірінің бас есепшісі оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып «Интернет-банкинг» электронды жүйесі арқылы өзінің жеке шотына, сондай-ақ, басқа тұлғаның шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударып отырған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 23 миллион теңге.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Прокурор сотталушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот сотталушы  кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауының, куәгерлердің айғақтарының, маманның қорытындысының негізінде оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде: жасаған қылмысына өкінуін, материалдық залалды жартылай түрде өтегендігін, жас баласының болуын ескерді. Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады», – делінген қалалық соттың хабарламасында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.