Коронавирустан кейін жасөспірімдердің миы қартайып кеткен

1 229

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотАҚШ ғалымдары бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миының қартайып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.


Мамандар жүргізген зерттеуге сәйкес, жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл 2 айға, ал ер балалардың миы 1,5 жылға қартайып кеткен. 


Ғалымдар өзгерістерді балалардың пандемияға дейін түсірілген ми қыртысының суреттерімен одан кейінгі суретін салыстырған кезде байқаған. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер стресске бейім әрі миы да аса сезімтал келеді. Індеттен кейін балалар миының қартаюының жеделдегені осыдан деп есептейді.


Ғалымдардың дерегіне сәйкес, мұны қалыпқа келтіру үшін жеткіншектерге психикалық қолдау көрсеткен маңызды. Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау қажет дейді олар.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.