Қызылордада ұлының оқу ақысын кәсіпкерлерге төлеткен басқарма басшысы 9 айға сотталды

2 322

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: almaty.kgd.gov.kzҚызылорда қалалық соты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 "Ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлеу және құны 6,8 млн теңге дизель отынын беру қажеттігі туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

 Бұдан басқа, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтіре отыра заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін сотталды. Сот үкімімен Д. Әбсаттаровқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілген. Үкім заңды күшіне енді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.