Құқық бұзғандарды видеоға түсіргендерге ақшалай сыйақы беріледі

1 289

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: redsharknews.comІшкі істер министрлігі құқық бұзғандарды дер кезінде видео түсірген азаматтарды марапаттауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ішкі иістер министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын жариялады. Заң жобасы негізінде азаматтарға "қоғамдық көмекші" болуға және тәртіпті сақтауға қатысуға мүмкіндік беру жоспарланған.

Құжатта құқықбұзушылықтың алдын алып, жолын кесіп немесе бейнежазбаға түсірген әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды ынталандыру қарастырылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеңілдіктер (қоғамдық көлікте тегін жүру, тегін автотұраққа немесе басқа жеңілдіктер) қарастырылады.

Алайда сыйақы алушылар оны алушы ретінде көрсете отырып, оны қайырымдылық ұйымына қайта бағыттауға құқылы.

Заң жобасын қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.