ЖАЛАҒАШ ИНДУСТРИАЛДЫ-АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

1 214

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөліміБүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысымен Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжінің студенттерімен жастар арасында экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық түсіндіру семинары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс-шаралар барысында жастарға интернеттен діни ақпараттар алудың қауіптілігі, жат ағымдардан сақтану жолдары мен тәлім-тәрбие жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, спикер Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы ұлттық діл және діни құндылықтар аясында тыңдаушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бағытында мәдениетіміз бен тарихи мұраның маңыздылығын, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы айтып өтті.

Семинар барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.