Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысының Кеңес ауылында ер адам 30 баланың көзінше 15 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар ауылда жастар арасында ерекше қылмыстылық “жүйе” орнатылғанын айтады. Барлығы не болып жатқанын білсе де, үнсіз қалған.
Марқұм 15 жастағы Абдулазиз өзінің Айбек есімді ауылдасының соққысынан кейін көз жұмған. “Президентке хат” телеграм арнасында марқұм жасөспірімнің ауылдастарымен болған сұхбат жарияланды.
Ал ауылдағы жасөспірімдер ауылда өзіндік “жүйе” бар екенін айтады.
Жасөспірім 15 жастағы қатарласы көз жұмған оқиғаның қалай болғанын да айтып берген.
Қызылорда облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі болғанын растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 22 маусым күні болған.
Полиция қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес, өзге мәліметтердің жарияланбайтынын атап өтті.
:
Қаз
Рус






