Қазпошта кассирлерінің қылмысы әшкере болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысының прокуратурасы «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеуде анықталғандай, «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп отырған.
Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген. Келтірілген шығын сомасы 80 млн теңгеден астам.
Қаз
Рус






