Полицей жалған хаттамалар толтырып келген

1 156

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comӨскемен қаласында жалған хаттамалар толтырып келген полиция қызметкері сотталды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшысына ҚР ҚК-нің 416-бабы 2-бөлігіне қатысты қылмыстық іс қаралған.




«Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы болып жұмыс істеген айыпталушы өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2023 жылдың 20 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында жалған хаттамалар толтырып келген. Атап айтқанда, қоғамдық орында мас күйде жүру туралы 2, қоғамдық орында тиісу туралы 1 хаттама толтырған», - делінген ақпаратта.

Осылай қызметтік көрсеткішін жақсартуды көздеген полицей сот барысында өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот шешімімен 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылған сотталушы 400 АЕК (1 380 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

 Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.