ЖАЛАҒАШТА «БАТЫР АНАЛАР» ДА ОРТАҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

1 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жалағаш аудан әкімдігіБүгінгі республикалық референдум қазақстандықтар үшін өте маңызды. Бұл тұста жалағаштықтар да бірліктің үлгісін көрсетіп, ертелетіп өздеріне қарасты участіктерге келуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Еңсесін тіктеген Еңбек елді мекендегі жұртшылық саяси науқанды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Әсіресе таңдауын жасап, ел ісіне атсалысуға асыққан бір топ алтын құрсақты аналар көрген көзді сүйсіндірді. Отыз жылдан астам тарихы бар «Батыр аналар» ансамблінің әрбір мүшесі өз даусының маңызды екенін жақсы біледі. «Ел ертеңі үшін жасалған әр істе тек бірлік керек» деген ақжаулық иелері ізгі тілектерін жаудырып қоя берді.


«Біз жас емеспіз, бірақ қазақ халқының ертеңі үшін, тәуелсіз еліміздің мәңгілік болуы үшін әрбіріміздің қосар үлесіміз бар екенін білеміз. Референдумның маңыздылығын ескергендіктен, барлығымыз бірге дауыс беруге келдік. Мақсат, абырой ортақ болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Бұл жолда тек қана сәттілік тілейміз» дейді алтын құрсақты аналар.

 

Иә, төл өнерді дәріптеп, қазақы салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген аналар ансамбілінің аудандағы алар орны ерекше. Әсіресе мәдениет саласының көш ілгері болуына үлкен үлесін қосты. Қазіргі таңда 14 ана батыр аналардың осы жолдағы жұмысын жандандырып, өнерді өрге сүйреді. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.