Шымкент қалалық Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары ұсталды

362

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттікпен бірлесіп, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

"Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соңғысына қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Олар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.