Полицей жасөспірімді қуамын деп өлтіріп алды

1 183

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАтырау облысында патруль кезінде жасөспірімді қағып өлтірген полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде, серіктесімен бірге кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісін анықтап, дыбыстық белгі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қаша жөнелген. Қуғын барысында жол қозғалысы ережесін бұзған кәмелетке толмаған жүргізуші жол жиегіне шығып кетіп, мотоциклді басқара алмай, жерге құлап түсті. Сол сәтте қуып келе жатқан инспектор көлікті дер кезінде тоқтата алмай жерде жатқан жасөспірімді басып кетті. 

Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.