Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

1 337

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.com30 қазанда Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 30 қазаны сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

"Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – делінген хабарламада.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.