Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қарумен ақша талап еткендер ұсталды

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырып, қару қолданып, мегаполис тұрғынынан ақша талап еткен адамдар ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

ІІМ бопсалау, қорқыту және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін заңсыз пайдалану фактілеріне байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

— Алматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырып, қару қолданып, мегаполис тұрғынынан ақша талап еткен адамдар ұсталды.
Атап айтқанда, 10 тамызда бір топ адам алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің соңынан аңдыған. Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, тапаншамен қорқытып, оны көлікке отыруға мәжбүрлеген және қала сыртына алып кеткен.
Олар қысым көрсетіп жәбірленушіні туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Осылайша туысы олар көрсеткен нөмірге 3 млн теңге аударған, — делінген ІІМ хабарламасында.

Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Тінту барысында 2 мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Осыған ұқсас қылмыстық іс Ақтөбе облысында да қозғалды. Онда бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол да өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғындардан психологиялық қысым көрсету арқылы ақша талап еткен.

ІІМ азаматтарды қырағы болуға және өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың қорқытуы мен қысымына берілмеуге шақырады.

Мұндай жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға жүгіну қажет. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.