АШМ азаматтарды құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге шақырды

340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында қазақстандықтарға үндеу жасап, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмек көрсетуге шақырды деп, хабарлайды kaz.nur.kz
 
Ведомство ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанның көптеген өңірінде құрғақшылық болғанын атап өтті. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шеккен. 

Осы ретте үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатқаны, ел бойынша еріктілер де үлес қосып жатқаны атап өтілді. 

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын арнайы ашылған шотқа аударған.

 "Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады", - делінген хабарламада. РЕКВИЗИТТЕР (төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.