147 мың теңгеден көп өтелмеген қарызы бар қазақстандықтар шетелге шыға алмайды

1 412

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЕнді 147 мың теңгеден, 3 айдан астам өтелмеген қарызы барлар қазақстандықтарға жол жүру шектеледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл шектеуге соңғы жылдары емделуге шықтық деп жалған ақпарат бергендердің көбеюі себеп болған.

Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілдері қатысқан жиында осы мәселені талқылады. 

“Әдетте, 147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі. Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі - шетелде емделу қажеттілігі.Алайда талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1 768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісіне санкция беруден бас тартылған. Рұқсат беруден бас тарту шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауына және өз елінде емделу мүмкіндігінің болуына байланысты”, - делінген хабарламада.

Ал енді 40 АЕК немесе 147 мың теңгеден, 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.