АЙМАҚ БАСШЫСЫ МАЖАРСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мажарстанның бас консулы Саболч Карой Сёкемен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кездесуде аймақ басшысы Сыр өңірінің инвестициялық және экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, өңірде шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Мажарстанға сапары кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен мажарстандық компания арасында елімізде құрама жем зауыттарын салу туралы келісімге қол жеткізілді. Аймақ басшысы аталған зауыттың біреуін Қызылорда облысына салудың артықшылықтары мен тиімді тұстарын атап өтті.
Өз кезегінде бас консул аймақ басшысына алғысын білдіріп, тиімді әріптестік орнатуға ынталы екенін айтты.
Қаз
Рус






