Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
1 371
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында жойылып кету қаупі бар жануарлардың мүйізін сатумен айналысқан азаматтар ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қаз
Рус






