Қыз алып қашсаңыз – заңмен қатаң жазалануыңыз мүмкін

1 338

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Алихан СариевДепутат Мұрат Әбенов елімізде қалыңдық ұрлау үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қыз ұрлау оқиғаларының көбі қолданыстағы қылмыстық кодекстегі олқылықтардың кесірінен ашылмай қалуда. Әбенов бұл мәселені «Мәдениет туралы» заңды талқылау кезінде көтерді. Ол кейбір музыканттардың адам ұрлау тақырыбын әндері мен бейнеклиптерінде насихаттап жүргендігін атап өтті.

Мұрат Әбеновтың айтуынша, мұндай жағдайлар әлеуметтік желілерде жиі талқыланады және көбнесе әзіл ретінде қабылдананып, мәселенің негізіне көпшілік үңілмей көз жұмумен өтіп кететіндігіне наразы.

«Қыздар маған TikTok-та кең таралып кеткен бір видеоны көрсетті, онда алып қашып кеткен қызды өз еркімен келді деп жазуға мәжбүрлеген. Бұл – адам құқығын тікелей бұзу ғой. Бірақ, видео астында желі қолданушылары оны тек әзіл ретінде қабылдап жатыр. Егер мұндай жағдайларды тек жеңіл-желпі қабылдай берсек, әбден қалыпты жағдайға айналып кетеді», – деді депутат.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.