Жер сілкінісін ескерту үшін бір жылда 700 млн теңге жұмсамақ

1 379

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Әбілқасым ЕсентаевАлматы қаласында 2025-2027 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жақсарту үшін қосымша 70 сейсмикалық станция орнату көзделген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында Алматының әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.

Бұл мақсатқа бір жылдың өзіне 700 млн теңге көзделген.

«2024 жылғы қаңтарда сейсмикалық қауіпсіздікке арнап өткен кеңесте президент  нақты міндеттер жүктеген. 2025 жылдың 1 жарты жылында қалада сейсмикалық аудит өтті. Жапония, АҚШ және Израиль елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып,  қалалық бағдарлама әзірленді. 2025-2027 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін қосымша 70 сейсмикалық станция орнатылады. 2025 жылға арналған қала бюджетінде 700 млн теңге қарастырылған», - деді Ерболат Досаев.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.