Кәсіпорындар тұрғындарға күмәнді ет өнімдерін сатқан

1 373

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comЕлордада ет өнімдерін сататын екі заңсыз кәсіпорын анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астанада ет өңдейтін кәсіпорын рұқсат қағазсыз жұмыс істеген және антисанитариялық жағдайы талапқа сай келмейді. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны белгілі болды. Ол жерде 6 адам жұмыс істеген. 

«Полиция қызметкерлері мен ДКНБ қызметкерлері рұқсат құжаттарысыз және антисанитарлық жағдайда ет өңдеумен айналысқан заңсыз әрекетті тоқтатты. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны анықталды. Онда алты адам заңсыз жұмыс істеп, күнделікті ақшалай төлем алып отырған. Қолданылатын шикізат ретінде құжатсыз сатып алынған күмәнді ет пайдаланылған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған», деп хабарлады Астана ПД.

Сонымен қатар Астанада жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі болмаған. 

«Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Астана полиция департаменті ет өнімдері ветеринарлық бақылаусыз адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді», деді полиция.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.