Балалар ауруханасында өрт шықты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
19 желтоқсанда түнде Тараздағы Жамбыл балалар ауруханасында өрт шықты, кейінірек толығымен сөндірілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Медициналық мекеменің жертөлесінде компьютерлік томографиялық қондырғы өртенгені белгілі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары түтін басқан аумақтан 42 адамды, оның ішінде 30 баланы далаға алып шықты.
Қаз
Рус






