Семейде жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Семейде жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Қаз
Рус






