Қызылордада 21 жастағы қыз өзін Антикор және ҰҚК қызметкерлері зорлағанын айтып шағымданды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорданың 21 жастағы Малика есімді тұрғыны өзін Антикор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметркерлері пәтерге алдап шақырып, зорлағанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ztb News телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол досына қонаққа барған кезде Дарын есімді бейтаныс жігітпен танысқан. Әңгіме барысында Малика бала кезінен полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтқан. Осы кезде Дарын "Антикорда" өзінің жұмыс істейтінін айтып, қызметтік куәлігі мен формасын көрсеткен. Желтоқсан айында Дарын Маликаны үйіне шақырып, жұмысқа орналастыру мәселесін талқылайтынын айтқан. Сондай-ақ Дарын пәтерде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Ержан есімді ағасының болатынын ескерткен.
Ер адамның дауысынан оның Ержан екенін білген. Қыз кейін есін жиып, оларды “мені зорладыңдар” деп айыптай бастағанда, Дарын тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Сондай-ақ бойжеткен полицияға арыз жазған соң үйіне белгісіз біреулер келіп, есікті ұрып, балағаттап кеткенін айтады. Малика заңгерлік көмек сұрап адвокаттарға жүгінген.
Ал Антикор өз қызметкерлерінің зорлау ісіне қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
Қаз
Рус






