29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды

1 422

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/adilkhankopabayev29 жастағы Әділхан Қопабаев Apple корпорациясында басшылық қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әділхан Қопабаев Дубайдағы кеңсесінен Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік ететін болады.

Әділхан 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтын (UNIST) қалалық инженерия және технологиялар менеджменті мамандығы бойынша бітірген. Ол беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясына ие балған қазақстандық.

Әділхан бұған дейін халықаралық консалтингтік және IT-компанияларда жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы «Мұнай-газ» ақпараттық-талдау орталығы АҚ-ын басқарды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің ситуациялық талдау орталығының басшысы болды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.