21 жастағы жігіт туыстарына пышақпен шабуыл жасаған

1 392

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comАстанада туыстарын пышақтады деп күдікке ілінген 21 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Шабуыл салдарынан оның 28 жастағы нағашы ағасы мерт болып, үш туысы ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаушының 60 жастағы тәтесі кеуде қуысынан жарақат алған.

"1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Шабуылшының тағы бір нағашы әпкесі де түрлі жарақаттар алған.

"50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты", – деп хабарлады ведомстводан.

Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.