Қызылордада көлдің ортасынан жағалауға жете алмай қалған төрт адам құтқарылды

402

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында моторлы қайық ақауынан көлдің жағалауына жете алмай қалған төрт адам құтқарылды.

Оқиға 15 тамызда cағат 18-30 шамасында Шиелі ауданы, Байгеқұм ауылындағы Ханқожа көлінде болған. Дәл сол уақытта төтенше жағдайлар саласының мамандары кезекшілік жұмыстарын атқарып жүрген болатын. «Кезекшілікті жүргізу барысында мамандар көлде моторлы қайықпен жүзу кезінде қайықтың ақауынан өздерінің күшімен жағаға жете алмай қалған адам төрт адамды анықтады. Құтқарушылар 1998, 2001, 2004, 2008 жылғы азаматтарды жағаға жеткізді. Оларға психологиялық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.